Меню

Страницы

Статья

«Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

 

«Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

         1965  жылы  аудан   орталығы  Қандыағаш болуына байланысты  аудандық қаржы бөлімі құрылды. Аудандық қаржы  бөлімін қаржы саласында көп жылдар бойы қызмет еткен тұлғалар басқарды: Балмуханов Нүрен, Биржанов Қуандық, Байтулеков Сағынбай, Райымкулов Мирболат, Давлетова Алтын.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылы 17 маусымдағы әкімшілік-аумақтық бірліктің өзгеруіне байланысты бұрынғы Октябрь және Мұғаджар аудандары біріктіріліп  Мұғалжар ауданы құралғаннан кейін, Октябрь  аудандық қаржы бөлімі Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының 1997 жылғы 30 шілдедегі №44/744 бұйрығымен Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі болып қайта құрылды.

            «Жергілікті қаржы органдары туралы» 1999 жылғы 06 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №934 Қаулысына және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесi туралы» Заңына  сәйкес мемлекеттік қаржы басқару жүйесін  оңтайландыру мақсатында, 1999 жылдың 01 қыркүйегінен бастап  жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және орындалуын жүзеге асыру уәкілеттілігі жергілікті атқарушы органдарға беру жоспарланып,  Ақтөбе облыс әкімінің шешіміне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымында жергілікті қаржы органдары құрылды.             Ақтөбе облысы   әкімдігінің қаулысына  сәйкес  облыстық қаржы департаменті болып ауысуына  байланысты 2004 жылдың 28 мусымынан Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі  басқарма болып қайта тіркелді.            2005 жылдың  01 қаңтарынан  барлық  аудандық  қаржы бөлімдері облыстық қаржы басқармасының  құрылымынан алынып ауданның жергілікті атқарушы органдарына берілді. Сол жылдан бері аудандық қаржы  бөлімі аудан бюджетінен  қаржыландырылады.

Мұғалжар аудандық қаржы бөлімінің  басты міндеті  аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету, бухгалтерлiк есепке алу  және  аудандық коммуналдық меншік саясатын жүргізу болып табылады.

Бөлім  бүгінгі  күні басшылық, 2 сектор, яғни 6 бірліктен тұрады.  

Бюджет және  бухгалтерлік  есеп-қисап  секторы аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету, бухгалтерлiк есепке алу міндетін атқарса, коммуналдық меншік секторы  аудандық коммуналдық  меншік объектілерінің тиімді және мақсатты  пайдаланылуының есебі салаларында басшылықты жүзеге асырады.

Мекемедегі барлық мемлекеттік қызметшілердің    білімі  жоғары,  білікті және тұрақты  орналасқан  кадрлар.

Бөлім аудан бюджетінің кірісі мен шығысын тепе-теңдікте ұстап, бюджеттік қаржының толық игерілуін ұйымдастырушы болып табылады. Бөлімнің  мемлекеттік қызметшілері  ауданда өтетін  барлық шараларға  қатынасып, жоғарыда аталған  марапаттауларға ие болып жүр.

Дата публикации
14 ноября 2020
Дата обновления
14 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы