Меню

Страницы

Статья

«Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ

 

«Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы Мұғалжар ауданының шағын және орта кәсіпкерлікті, сауда және туристтық қызметін қолдау және дамыту болып табылады.

Міндеттері:

1) ауданның кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;

2) аудандағы кәсіпкерлікті дамытудың, индустриалды –инновациялық дамудың сыртқы экономикалық және инвестициялық қызметтің жағдайына талдау жасау;

3) ауданның кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатынасу;

Функциялары:

1) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру;

2) Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың аймақтық инфрақұрылымдарын дамытуға және қалыптастыруға қатынасу;

3) ауданның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, индустриалды-инновациялық даму, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет саласында аймақтық бағдарламаларды, стратегиялық, индикативтік жоспарларды үйлестіру, әзірлеу және орындауды жүзеге асырады.

Құқықтары:

1) мүдделі жергілікті органдармен бірге шағын және орта бизнес субъектілерін әртүрлі мемлекеттік тапсырыстар мен бағдарламаларды орындауға тарту тәртібін анықтауға қатынасады;

2) ауданның кәсіпкерлікті дамыту, индустриалды-инновациялық даму, сыртқы экономикалық қызметтеріне талдау, болжау және мониторинг жүргізеді;

3) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басымды жобаларын іріктеу жөнінде жұмыстарды жүргізеді;

4) басымды бағыттағы жобаларды несиелендіру және қаржыландыру мәселесі бойынша банктермен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

5) кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамалардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

6) ауданның кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;

7) аудандағы кәсіпкерлікті дамытудың индустриалды-инновациялық дамудың, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызметтің жағдайына талдау жасау;

8) ауданның кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатынасу;

9) азаматтар мен ұйымдардың, мемлекеттік органдардың үндеулерін қарайды, кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша тұжырымдама жасайды;

10) кәсіпкерлік саласы бойынша семинарлар мен кеңестер, форумдар ұйымдастыруға және өткізуге қатынасады;

11) аудан аумағында жұмыс жасайтын біріккен және шетелдеік инвестор компаниялармен өзара іс-қимыл жасайды;

12) Заңнамамен жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Дата публикации
14 ноября 2020
Дата обновления
14 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы