Білім сапасы және ҰБТ көрсеткіштері
Ауданда 37 жалпы білім беретін мектеп (24 орта, 11 негізгі, 2 бастауыш мектеп) және 51 мектепке дейінгі ұйым (27 балабақша, 1 балабақша, 23 мектеп жанындағы шағын орталық) жұмыс істейді. Мектептегі оқушылардың жалпы саны-12 007, педагогикалық қызметкерлердің саны-1 595.
Ағымдағы жылы ҰБТ орташа балы 81,1 құрады. "Алтын белгі" - 53, "Үздік аттестат" -15. Қазіргі уақытта 170 түлек мемлекеттік грант алды, 19 түлек облыс әкімінің грантын алды, 8 түлек шетелдік жоғары оқу орындарына, 2 түлек арнайы оқу орындарына түсті. ҰБТ-ға қатысқан оқушылардың ішінен жоғары оқу орындарына грант бойынша түскен түлектердің көрсеткіші 49,3% - ды құрады.
Білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын жөндеу, нығайту.
Ембі қалалық №2 орта мектебінің күрделі жөндеуіне бюджеттен қаражат бөлінді, жөндеу жұмыстары 2020 жылы аяқталады.
Бюджет арқылы 350 дана жалдамалы компьютер сатып алуға шарт жасалды. 2019-2020 оқу жылына жергілікті бюджеттен мектептер қажетті оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.
Биыл Ақкемер ауылдық округінің Елек ауылында 100 орындық мектептің жаңа ғимараты, сондай-ақ Қандыағаш қаласында жеке кәсіпкердің әлеуметтік қолдауымен 180 орындық "Бақытты бала-2" балабақшасы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, "Туған жерге тағзым" акциясы аясында ауданда 68 жоба жүзеге асырылды.