Меню

Страницы

Статья

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛА

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛА
Құрылыс саласы
Ағымдағы жылы Қандыағаш қаласы Есет батыр, 13 көшесіндегі90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына және Самал ш/а үш сегіз пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер құрылысынабюджеттен қаражат бөлініп, кезекте тұрған 114 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, «Самал» ш/а 9/10 кварталынан алынған 1 600 жеручаскесінде ауыз су құбырларының құрылысы толығымен аяқталды.
Коммуналдық сала
Инженерлік желілерді дамыту бойынша:
Аудан бойынша барлығы 37,9 шақырым жылу құбыры, 377,1 шақырымауыз су құбыры 85,2 шақырым кәріз құбырықұрайды.
3 қаланың тұрғындары мен әлеуметтік нысандарын жылу, кәріз және ауыз су жүйесімен «Коммуналшы», «Ембіжылу» және «Жемжылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары қызмет көрсетеді.
Орталықтандырылған ауыз су жүйесімен халықтың 91,3 пайызықамтамасыз етілген.
Орталықтандырылған кәріз жүйесімен халықтың71,5 пайызықамтамасыз етілген.
Газ жүйесімен халықтың88,3 пайызы көгілдір газ отынымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күнге, Басшилі ауылына және Темір-көпір бекетіне жеткізуші және ауыл ішілік газ құбырларының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Аудан бойынша барлығы 85,2 шақырымкәріз жүйесінің бүгінгі күнде 77,3 шақырымы немесе 91 пайызы жаңартылды.
Аудан бойынша автомобиль жолы туралы. Аудан аумағындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, соның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 210 шақырым, облыстық – 64 шақырым және аудандық – 446,7 шақырым. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 26 көпір және 209су өткізгіштер орналасқан.
Үстіміздегі жылы Сағашилі, Ақкемер ауылдарының кіре беріс автокөлік жолдарын орташа жөндеу үшін жобаәзірленді.
Қандыағаш қаласы Қодаров, Байқұнов,А.Жұмағалиев, Қалыбаев көшелерін күрделі жөндеу және Амангелді көшесінің автокөлік жолының құрылысының жұмыстары өткен жылы басталып, 2020 жылы аяқталу жоспарлануда.

Дата публикации
06 ноября 2020
Дата обновления
06 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы