Меню

Страницы

Статья

Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 255 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 255 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8613-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

8 тармақ келесі мазмұңдағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «8. Азаматтың (отбасының) табысын есептемегенде әлеуметтік көмек  бір рет көрсетіледі:

         1) дүлей  апаттың  салдарынан  азаматқа (отбасына)  не оның  мүлкіне  зиян  келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

         2) өрт  салдарынан  азаматқа (отбасына) не оның  мүлкіне  зиян  келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

         3)  жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы- 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

         4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы – 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

         5)  аз қамтылған азаматтарға – 5  (бес) АЕК мөлшерінде.»;

         7 тармағының  6)  тармақшасы алынып тасталсын;

         9 тармақтың 2), 4) тармақшалары алынып тасталсын;

         9 тармақтың 3) тармақшасы келесі мазмұңдағы жаңа редакцияда жазылсын:

         2) көп балалы отбасыларға (тұлғаларға), асыраушысынан айырылған адамдарға – 10  (он) АЕК мөлшерінде.».      

 

Дата публикации
12 марта 2026
Дата обновления
12 марта 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы