Меню

Страницы

Статья

Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 12 «Мұғалжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗІ

Мұғалжар аудандық  мәслихатының  2023 жылғы 14 сәуірдегі № 12 «Мұғалжар  ауданында  мүгедектігі  бар балалар  қатарындағы  кемтар балаларды  жеке оқыту  жоспары  бойынша үйде  оқытуға  жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі  мен  мөлшерін айқындау  туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген  шешіммен  бекітілген  Мұғалжар   ауданында   мүгедектігі  бар балалар  қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп  алу  тәртібі мен мөлшерінде:

          6-тармақ  мынадай  жаңа  редакцияда  жазылсын:

          «6. Оқытуға  жұмсаған шығындарды  өндіріп алу  үшін  өтініш беруші «Азаматтарға  арналған  үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік  қоғамы  арқылы уәкілетті органға немесе  «электрондық үкімет»  веб-порталы (бұдан әрі-портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының  3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік  қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына  сәйкес  нысан  бойынша  өтінішпен  жүгінеді.

 Өтініш  беруші  оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу  бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының  2-қосымшасына   сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың  ақпараттық  жүйелеріне сұрау салуды өтініш  берушінің  өзі  жүзеге  асырады.»;

 

Дата публикации
05 марта 2025
Дата обновления
05 марта 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы