Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Аккарал Диатомитовая Индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Ембі қаласы аумағында орналасқан жалпы алаңы 49,64 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2034 жылдың 5 қарашасына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін..
- «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қайымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2025 жыл 13 ақпаны орналастырылды.