Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №213 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Мұғалжар ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7323 болып тіркелген) қаулысыныңкүші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 213 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Мұғалжар ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2025 жыл 14 қаңтары орналстырылды.