Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты аудан бөлiмiне жүктелген функцияларды барынша, тиiмдi орындау үшiн мемлекеттiк мекеменiң қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджеттік өтінімде сұралған қаражат бөлімнің жеке құрамын қамтамасыз ету және бағдарламада жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру тиімділігіне қол жеткізу үшін қажет.
Мұғалжар аудандық маслихаттың 2024 жылғы 08 қазандағы №272 «2024 -2026 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне, Мұғалжар ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 қазандағы №328 қаулысына қаулысына сәйкес:
2024 -2026 жылдарға арналған бюджеттік өтінімнің жалпы көлемі– 169987,0 мың. тенге.
2024 жылға - 71439,0 мың. тенге;
2025 жылға - 48971,0 мың. тенге;
2026 жылға - 49577,0 мың. тенге;
2024 жылға ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша барлығы 71439,0 мың теңге, оның ішінде:
454-001-015 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 55739,0 мың. тенге;
454-001-015 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 15,0 мың. тенге;
454-007-015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 900,0 мың. тенге;
454-106-000 «Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу» - 14785,0 мың. тенге;
Бөлінген қаражат бөлімнің жергілікті атқарушы органдарының штаттық кестесін ұстауға қарастырылған. Бөлімнің штат саны 10 бірлік, оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші және 2 штаттан тыс қызметкер.
Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу, сондай-ақ үкімет белгілеген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру болады.