Жалпы алғанда «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2024-жылға ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша барлығы – 83 558,0 мың тенге, 2025 жыл – 51 545,0 мың тенге, 2026 жыл- 52 814,0 мың тенге;
- 463001011 бюджеттік бағдарлама бойынша «Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» – 10 мың теңге.
- 463001015 бюджеттік бағдарлама бойынша «Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер жергілікті бюджет есебінен» –41 583,0 мың теңге.
- 463003015 бюджеттік бағдарлама бойынша "Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру" – 6 975,0 мың теңге.
- 463006015 бюджеттік бағдарлама бойынша "Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың шекарасын белгілеу кезінде жүргізілетін жерге орналастыру" – 41 313,0 мың теңге.
Бөлінген қаражат Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі ММ қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Бөлімнің штат саны 7 бірлік, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметші және 1 штаттан тыс қызметкер. Сондай-ақ бұл қаражат жерге орналастыру жобаларын жасауды қарастырылған.