Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Қандыағаш қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 004 085 мың теңге:
салықтық түсімдер – 358 000 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 42 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 604 085 мың теңге;
2) шығындар – 1 070 089,9 мың теңге:
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 66 004,9 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 66 004,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 66 004,9 мың теңге.
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы №149 «2024-2026 жылдарға арналған Қандыағаш қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2024 жылы 29 мамырда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2024 жылы 29 мамырда орналастырылды.