Меню

Страницы

Статья

2024-2026 жылдарға арналған Құмжарған ауылдық округ бюджетін бекіту туралы шешім жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Құмжарған ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемдерде  бекітілсін:

1) кірістер –  83 372 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 5 931 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –75 мың теңге;

         трансферттер түсімі –  77 736 мың теңге;

2) шығындар – 83 372,0 мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –0 теңге.;

          көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда  жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

         2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;

2) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   3 692 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

  1. 2024 жылға арналған Құмжарған ауылдық округі бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 69 629 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған Құмжарған ауылдық округі бюджетіне республикалық бюджеттен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 7 737 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін.
  3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

          «2024-2026 жылдарға арналған Құмжарған ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2023 жылы 28 желтоқсанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2023 жылы 24 желтоқсанда орналастырылды.

 

Дата публикации
28 декабря 2023
Дата обновления
28 декабря 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы