Меню

Страницы

Статья

2024-2026 жылдарға арналған Ащысай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы ПРЕСС РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының  Бюджеттік Кодексінің 9 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Ащысай ауылдық округі бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  48 267 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 4000 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

         трансферттер түсімі –  44 227мың теңге;

2) шығындар – 48 267 мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8 бабына сәйкес белгіленген еске және басшылыққа алынсын:

         2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;

2) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   3 692 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

  1. 2024 жылға арналған Ащысай ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 35 382 мың теңге сомасында ескерілсін.

               «2024-2026 жылдарға арналған Ащысай ауылдық округ бюджетін  бекіту туралы» шешімнің жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2023 жылы 28 желтоқсанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2023 жылы 22 желтоқсанда орналастырылды.

 

                                                                                                        

 

 

Дата публикации
28 декабря 2023
Дата обновления
28 декабря 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы