Мұғалжар аудандық маслихаттың 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №124 «2023 -2025 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне, Мұғалжар ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №400 қаулысына қаулысына сәйкес:
2023 жылға ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша барлығы 56773,0 мың теңге, 2024 жылға 58155,0 мың теңге, 2025 жылға 48070,0 мың теңге сомасында шығыстар көзделген, оның ішінде:
- 454.001.015 бюджеттік бағдарлама бойынша. "Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" - 58155,0 мың теңге.
Бөлінген қаражат бөлімнің жергілікті атқарушы органдарының штаттық кестесін ұстауға қарастырылған. Бөлімнің штат саны 10 бірлік, оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші және 2 штаттан тыс қызметкер.
Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу, сондай-ақ үкімет белгілеген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру болады.