Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №02-13-4/152 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің «Мейрбек» шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шараларын алу туралы шешімі бекітуге ұсынылды.
«Шектеу іс-шараларын алу және Құмсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 ақпандағы №3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2023 жылғы 19 қыркүйекте, 2023 жылғы 19 қыркүйекте e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.