Меню

Страницы

Статья

Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына БАСПА-РЕЛИЗІ

Осы Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы  № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар)  және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін  айқындаудың  тәртібін  белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

         1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету,  «бір терезе» қағидаты бойынша  өтініштерді қабылдау және  олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда  көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған  заңды тұлға;

  РесРр

         2) арнайы комиссия –  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына  әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша  Ақтөбе облысы Мұғалжар  ауданы  әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

         3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

         4)  әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрә- ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар), сондай-ақ мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек;

         5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган)– жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

         6) ең төмен күнкөріс деңгейі – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы  ең төмен ақшалай кіріс;

         7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының  бір айдағы  жиынтық кірісінің  отбасының  әрбір  мүшесіне  тура келетін үлесі;

         8) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған  тұлғалардың  (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау  жүргізу үшін  қала және ауылдық округтер  әкімдерінің  шешімімен құрылатын  арнаулы комиссия;

         9)  шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

  1. Осы Қағидалар Мұғалжар ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
  2. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында,  13-бабының 2) тармақшасында, 17- бабында көрсетілген тұлғаларға  әлеуметтік көмек  осы Қағидаларда көзделген  тәртіппен  көрсетіледі.
  3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет,жылына 1 рет) көрсетіледі.

       2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау  және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

  1. Мереке күндерінде әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі азаматтарға көрсетіледі:

         1) 9 мамыр -Жеңіс күніне орай:

         Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 2 140 000 (екі миллион бір жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

         жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230000 (екі жүз отыз  мың) теңге мөлшерiнде;

         «Ардагерлер туралы» Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, 150000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

         1941 жылғы  22 маусым-1945 жылғы  9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға- 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

         қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) - 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

         Ауғанстанда әскери қызметін өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына -100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.

      3) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:

       Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси құғын - сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген 1986 жылдың 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде.

  1. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

       1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

        2) жан басына шаққандағы орташа табыстың  ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспауы;

        3)  жетімдік,ата-ана қамқорлығының болмауы;

        4)  жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі  күтім  жасай  алмауы;

        5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

  1.    Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын)  көрсетіледі:

        1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулармен ауыратын және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар – Мұғалжар ауданының медициналық мекемелері ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғалар "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Мынадай  негіздер  бойынша  мұқтаж  азаматтар деп танылған тұлғаларға (отбасыларға):

     жетімдік; ата–ана қамқорлығының болмауы; кәмелетке толмағандардың қараусыздығы қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез–құлық; баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан

      өзіне–өзі күтім жасай алмауы; әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; бас бостандығынан айыру

      орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу – адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

         көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, арызы бойынша, бір рет, жан басына шаққандағы орташа табыстың біржолғы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып – 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде;

         табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), зілзала және өрт туындаған жер бойынша өмірлік қиын жағдайда қалған сәттен бастап үш ай ішінде жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай біржолғы– 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

  1. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

                        3-тарау. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

  1. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша, ЖАО бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.

        Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі  мереке күндеріне (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

  1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округ әкіміне  Үлгілік қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша  өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

       1)  жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

       2)  тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер,

(тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің)табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

       3)  мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін  растайтын төменде көрсетілген  құжаттардың бірі:

       табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына)  не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

       әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

        Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

       жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;

       жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

       бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу,пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

        Салыстырып  тексеру  үшін  құжаттардың  төлнұсқалары және көшірмелері  ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін  құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін  әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш  түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, ауылдық округтің әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
  2. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2,3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша  тұлғаның (отбасының) материалдық  жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік  көмекке  мұқтаждығы  туралы қорытынды дайындайды  және оларды уәкілетті органға немесе қала,ауылдық округ  әкіміне  жібереді.

        Қала,ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттар мен уәкілетті органға жібереді.

  1. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкілетті орган  әлеуметтiк  көмек  көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
  2. Қажеттi құжаттардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын  деректерi  негiзiнде   қабылдайды.
  3. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе қала, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық  пакетiн  арнайы  комиссияның  қарауына  ұсынады.
  4. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, қорытынды  оң болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
  5.   Өтiнiш  берушiнiң  әлеуметтiк көмек алуға қажетті құжаттары тiркелген күннен бастап 8 (сегiз) жұмыс күнi iшiнде уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының  негiзiнде  әлеуметтiк  көмек көрсету не көрсетуден бас  тарту  туралы  шешiм  қабылдайды.

       Осы Қағидалардың 14 және 15 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе қала, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк  көмек  көрсету  не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

  1. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш  берушіні  жазбаша  хабардар  етеді.
  2. 20. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

       1)  өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден өтініш  беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы  әлеуметтiк көмек көрсету үшiн  Мұғалжар аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.      

  1. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

     4-тарау. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздер

  1. Әлеуметтiк көмек:

       1)  алушы қайтыс болған;

       2)  алушы Мұғалжар ауданының аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

     3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

     4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген мән-жайлар  туындаған айдан бастап тоқтатылады.

  1. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалар ерiктi түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтаруға жатады.

                                          5-тарау. Қорытынды ереже

  1. Әлеуметтiк көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң  дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

 

Дата публикации
31 июля 2023
Дата обновления
31 июля 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы