Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3-1. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20498 тіркелген) бұйрығымен айқындалады;
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 40 киловатт;
2 адамға – 60 киловатт;
3 адамға – 80 киловатт;
4 және одан да көп адамға – 100 киловатт;
3) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
4) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
5) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
7) кәріз қызметтері- ай сайын әр адамға тариф бойынша;
8) сумен жабдықтау қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
9) газ пайдалану нормалары- ай сайын әр адамға тариф бойынша;
коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;
10) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.