Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 17 мамырдағы №02-12-4/86 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің «Даурен» шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан вирусты диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шараларын алу туралы шешімі ұсынылды.
Карантинді алып тастау және Талдысай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 04 сәуірдегі №6 «Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің «Дәурен» шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2023 жылғы 17 мамырында, 2023 жылғы 17 мамырында e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.