Мұғалжар аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №297 шешіміне өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 52 415,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 938,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 229,8 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 50 247 мың теңге;
2) шығындар – 53 904,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 487,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 487,7 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 487,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №297 «2023-2025 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2023 жылы 12 сәуірде, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2023 жылы 10 сәуірінде орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2023 жылы 12 сәуірінің №23 хатымен алынды.