«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ «Мұғалжар ауданының Аққемер, Ащысай, Батпақкөл, Еңбек, Қ.Жұбанов атындағы, Құмсай ауылдық округтері және Қандыағаш қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешім жобасын дайындайды.
1. Мұғалжар ауданыныңАққемер, Ащысай, Батпақкөл, Еңбек, Қ.Жұбанов атындағы, Құмсай ауылдық округтері және Қандыағаш қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары, осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Мұғалжар ауданының Аққемер, Ащысай, Батпақкөл, Еңбек, Қ.Жұбанов атындағы, Құмсай ауылдық округтері және Қандыағаш қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2023 жыл 13 қаңтар, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 13 қаңтар 2023 жылы орналастырылды.