Меню

Страницы

Статья

2023-2025 жылдарға арналған Батпақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
  2. 2023-2025 жылдарға арналған Батпақкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  44 084 мың теңге:

салықтық түсімдер – 7 172 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 848 мың теңге;

трансферттер түсімі – 36 064 мың теңге;

2) шығындар – 44 084  мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

                2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;

2) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   3 450 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге.

  1. 2023 жылға арналған Батпақкөл ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 28 851 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2023 жылға арналған Батпақкөл ауылдық округ бюджетіне республикалық бюджеттен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 862 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін.

2023-2025  жылдарға арналған Батпақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2022 жылы 27 желтоқсанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2022 жылы 19 желтоқсанда  орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2022 жылы 26 желтоқсандағы  №105 хатымен алынды.

 

Дата публикации
28 декабря 2022
Дата обновления
28 декабря 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы