Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы, Құмжарған ауылдық округі, Талдысай ауылдық округі және Мұғалжар ауылының сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарлама

 

1 наурыз 2026 жыл

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2026 жылғы 1 наурызда өткен Мұғалжар ауданы Ембі қаласы, Құмжарған ауылдық округі, Талдысай ауылдық округі, Мұғалжар ауылы әкімінің сайлау қорытындысы туралы  Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде:

Ембі қаласы бойынша:

Сарбасов Наурызбек Жумабекұлы 1990 жылы дүниеге келген.

«АдСаНа» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Ембі қаласының әкімі болып тіркелді.

 

Құмжарған ауылдық округі бойынша:

Утеулин Бекнұр Таңатарұлы – 1978 жылы дүниеге келген, «Құмжарған жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі Бірлік ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

Талдысай ауылдық округі бойынша:

Мұханов Айбек Алиханұлы – 1973 жылы дүниеге келген, «Талдысай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ әкім, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі Талдысай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

Мұғалжар ауылы бойынша:

Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы – 1968 жылы дүниеге келген, «Мұғалжар ауылы әкімі аппараты» ММ әкім, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі болып тіркелді.

 

Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
03 марта 2026