2026 жылғы 1 наурызда Мұғалжар ауданының Ембі қаласы, Құмажарған ауылдық округі, Талдысай ауылдық округі және Мұғалжар ауылы әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ембі қаласы, Құмжарған ауылдық округі, Талдысай ауылдық округі және Мұғалжар ауылы әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Ембі қаласы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 8089 азамат енгізілді, олардың 4021 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0 ,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны-16.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бисенбин Р.В.–840; Өтеғалиева Ж.А.–538; Сарбасов Н.Ж.–2627.
Сарбасов Наурызбек Жұмабекұлы – 1990 жылы дүниеге келген, «АдСаНа» ЖШС-нің директоры, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембіқаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған , Мұғалжар ауданы Ембі қаласының әкімі болып сайланды.
Құмжарған ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 488 азамат енгізілді, олардың 366 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аманжол Ә.Р.–51; Баймагамбетова Г.А.–79; Утеулин Б.Т.–230.
Утеулин Бекнұр Таңатарұлы – 1978 жылы дүниеге келген, «Құмжарған жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі Бірлік ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Талдысай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 430 азамат енгізілді, олардың 310 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Джумаева Н.С. – 43; Жетписбай Ж.А. – 52; Мұханов А.А.–213.
Мұханов Айбек Алиханұлы – 1973 жылы дүниеге келген, «Талдысай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ әкім, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі Талдысай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Мұғалжар ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 842 азамат енгізілді, олардың 706 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Көпберген Е.Д. – 132; Қорғанбай Ә.Ө. – 472; Самрат А.Р. – 99.
Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы – 1968 жылы дүниеге келген, «Мұғалжар ауылы әкімі аппараты» ММ әкім, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі болып сайланды.
Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы