ЖОБА
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Railway LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 2236,46 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 6 (алты) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданы әкімі А.Шериязданов