Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:
- Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының бас жоспарын топографиялық түсірілім орындай отырып, әзірлеу жобасына стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есепті қамту саласын айқындау;
- Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының бас жоспарын топографиялық түсірілім орындай отырып, әзірлеуге жалпы түсіндірме жазба;
СЭБ материалдарын әзірлеуші: Табрис ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: ««Мұғалжар ауданының сәулет және қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.
СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Алназарова М.С.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2035 жыл.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2024 жылғы 15 қазаннан бастап 28 қазанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылдың қазан айының 28-і.)
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: . 8 776-941-42-11; 8 (7172) 74-08-90
e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:
- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
- e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz;
- «WhatsApp» номері: 8 776-941-42-11
СЭБ бойынша материалдар:
Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің сайтында.