«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қандыағаш қаласы әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Қандыағаш қаласы бойынша:
- Аққайыр Қазбек Тулеуханұлы, 1986 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ, бас инспектор, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
- Тулегенова Венера Бериковна, 1986 жылы дүниеге келген, «Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Черниязов Данияр Каденович, 1988 жылы дүниеге келген, «Эверест РК» ЖШС, директор, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Шамгалиев Биржан Сагидоллиевич, 1980 жылы дүниеге келген, «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.