Жұмыспен қамту бойынша
Ауданда 2023 жылы 2029 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды, 2023 жылдың 12 айына 2779 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның 925 жұмыс орны ауылдық жерден болса, 165 жұмыс орны «Ұлттық жобаның бес қадамы» жобасы арқылы болды.
Ауданда тұрақты түрде жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, әлеуметтік - еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек ұжымдарында жайлы әлеуметтік ахуал орнату жөніндегі еңбек заңнамаларын орындау, жұмысшылардың еңбекақыларын уақытылы төлеу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілді.
Еңбек қатынастары бойынша туындаған мәселелерге байланысты және белгіленген жұмыс жоспарына байланысты аудан аймағында орналасқан барлық мекеме, кәсіпорын басшыларымен 2023 жылдың 12 айына 21 рет аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырыстары өткізілді.
Мүгедектігі бар азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып, аудан аумағында орналасқан мекеме, кәсіпорындармен қабылданған қаулылармен талдау жасалып орындалуына жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша 317 мекеме, кәсіпорындармен меморандумға отыру жоспарланды, оның ішінде: 2023 жылдың 12 айына 6775 жұмысшы жұмыс жасайтын ірі 17 мекеме, кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен жұмысшыларды жұмыспен қамту және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, өндірістік үдерістерді тұрақтандыру мәселесі туралы Мұғалжар ауданы әкімдігі, жұмыс беруші мен кәсіподақ бірлестігі арасында 317 Меморандумдарға қол қойылды.
«Еңбек нарығы» ААЖ «Жұмыс орындарын құруға арналған интеграциялық карта» модуліне «Ұлттық жобаларды және басқа да жобаларды іске асыру шеңбері» бағдарламасында 2779 жұмыс орны, «Ұлттық жобаның бес қадамы» жобасы аясында құрылған 165 жұмыс орны туралы толық ақпарат енгізілді.
2023 жылдың 12 айына жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп 4 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен пробация қызметінде тіркелген адамдар қаралды.
Бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың мәртебесін ресімдеу және жаңарту мақсатында аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде, сонымен қатар бірыңғай жиынтық төлем төлеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Еңбек делдалдығына жүгінген және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығында тіркелген азаматтардың мәліметтері «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы күнделікті бақылауда және де қызметтік қажеттіліктерге орай жұмыспен қамту орталығының (1 шілдеден бастап мансап орталығы) мамандарына кеңестер берілуде.
2023 жылдың 12 айына жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің рұқсатымен, аудан аумағында 184 шетел азаматы еңбек етуде.
Әлеуметтік көмек көрсету бойынша
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 110 494 000 теңге бөлініп, 2023 жылдың 12 айына 110 494 000 теңге төленді.
Қосымша төлемге (кепілдірілген әлеуметтік пакет бойынша) 14 938 000 теңге бөлініп, 415 балаға 14 938 000 тенге төленді.
Тұрғын үй көмегіне 370 000 теңге бөлініп, 12 айына 23 отбасына 370 000 теңге төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлеуге 180 894 000 теңге қаражат бөлініп, 2512 адамға 180 894 000 теңге төленді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге 19 216 500 теңге қаражат бөлініп, 1114 адамға төленді.
Мүгедектермен жұмыс бойынша
Аудан бойынша зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметіне сәйкес, барлық мүгедектігі бар адамдар саны - 1637, оның ішінде: I топтағы мүгедектігі бар адамдар - 136, II топтағы мүгедектігі бар адамдар - 548, III топтағы мүгедектігі бар адамдар - 615, мүгедектігі бар балалар - 338 санын құрайды.
Бөлім бойынша мүгедектігі бар адамдардың оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, 783 адамға 275 551 200 теңгеге орнын толтырушы көмекші құралдар берілді.
Арнаулы әлеуметтік «Инватакси» қызметіне 7 062 000 теңге бөлініп, әлеуметтік тапсырыспен келісім шарт негізінде 39 мүгедектігі бар адамдармен, балаларға қызмет көрсетілді.
Арнаулы күндізгі жартылай стационарға 8 489 000 мың теңге бөлініп, үстіміздегі жылдың 12 айына 14 мүгедектігі бар балаларға қызметтер көрсетілді.
Үстіміздегі жылдың 12 айына «мемлекеттік корпорация» арқылы 144, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы 1240, мекеме арқылы 23, барлығы 1407 мемлекеттік қызметтері көрсетіліп, «мемлекеттік корпорация» мен электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы орындалуы бойынша 99% болып отыр. Бөлім бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Үйге бару арқылы арнайы қызмет көрсету бойынша
Үйге бару арқылы қызмет көрсету бойынша: жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттар 236, мүгедектігі бар азаматтар – 27, мүмкіндігі шектеулі балалар- 48, барлығы: 311 адам есепте тұрады, оларға 52 әлеуметтік қызметкер үйге бару арқылы қызмет көрсетеді.