Халық қатысатын бюджет

Құрметті, Қандыағаш қаласының тұрғындары!

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықты шешімдер қабылдау процесіне кеңінен тарту мақсатында, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша жобаларды  2024 жылдың 20 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейін қабылдау жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Бағдарлама қаланың әрбір тұрғынына қаланы дамыту үшін өз бастамаларын ұсынуға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде әрбір тұрғын қаланың тыныс тіршілігін жақсартуға бағытталған жоба ұсына алады. Ұсыныстардың талаптарға сәйкестігі қаралғаннан кейін, жобаға қала тұрғындары дауыс береді. Егер жоба кемінде 50 дауыстан жоғары жинаса, ол жоба әкімдік тарапынан іске асырылады.

Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыруға болатын жұмыс түрлері:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

         4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);

         5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

         6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

         7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

         8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары.

 

Қандыағаш қаласы тұрғындарының тұрғылықты жерінің өзекті мәселелері бойынша жобаларды қабылдау  Мұғалжар ауданы әкімдігінің сайты арқылы жүзеге асырылады. Төмендегі сілтеме бойынша өз жобаларыңызды ұсына аласыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/bnu/847?lang=kk

 

Қосымша сұрақтар бойынша:

«Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты» ММ Ж.Жабаев к/сі 64 «А»

Байланыс телефондары:

                                                  3-65-05

 

Тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз!

 

Дата публикации
29 января 2024