«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімін сайлауы 2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалсын.
- Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 04 қаңтарда басталып, 2024 жылғы 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 21 қаңтар жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мұғалжар» газетінде жариялансын.
Мұғалжар аудандық
сайлау комиссиясының Ғ.Дәрімбетов
төрағасы
Мұғалжар аудандық
сайлау комиссиясының А.Балмаханова
хатшысы
№1
2024 жылғы 03 қаңтар
Қандыағаш қаласы