Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылдың 1 жартыжылдығына атқарылған жұмыстары туралы

Жұмыспен қамту бойынша

Ауданда 2023 жылы 2029 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды, 2023 жылдың 1 жартыжылдығына 1414 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның 298 жұмыс орны ауылдық жерден болса, 36 жұмыс орны  «Ұлттық жобаның бес қадамы»  жобасы арқылы болды.

Ауданда тұрақты түрде жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, әлеуметтік - еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек ұжымдарында жайлы әлеуметтік ахуал орнату жөніндегі еңбек заңнамаларын орындау, жұмысшылардың еңбекақыларын уақытылы төлеу мәселелері бойынша  жұмыстар  жүргізілді.

Еңбек қатынастары бойынша туындаған мәселелерге байланысты және белгіленген жұмыс жоспарына байланысты аудан аймағында орналасқан барлық мекеме, кәсіпорын басшыларымен 2023 жылдың 1 жартыжылдығына 9 рет аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырыстары өткізілді.

Мүгедектігі бар азаматтарды, пробация қызметінің  есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып, аудан аумағында орналасқан мекеме, кәсіпорындармен қабылданған қаулылармен талдау жасалып орындалуына жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша 317 мекеме, кәсіпорындармен меморандумға отыру жоспарланды, оның ішінде: 2023 жылдың 1 жартыжылдығына 5670 жұмысшы жұмыс жасайтын ірі 17 мекеме, кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен жұмысшыларды жұмыспен  қамту және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, өндірістік үдерістерді тұрақтандыру мәселесі туралы Мұғалжар ауданы әкімдігі, жұмыс беруші мен кәсіподақ бірлестігі арасында 75 Меморандумдарға қол қойылды.

          «Еңбек нарығы» ААЖ «Жұмыс орындарын құруға арналған интеграциялық карта» модуліне «Ұлттық жобаларды және басқа да жобаларды іске асыру шеңбері» бағдарламасында 1414 жұмыс орны,  «Ұлттық жобаның бес қадамы»  жобасы аясында құрылған 36 жұмыс орны туралы толық ақпарат енгізілді.

2023 жылдың 1 жартыжылдығына жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп 2 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен пробация қызметінде тіркелген адамдар қаралды.

Бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың мәртебесін ресімдеу және жаңарту мақсатында аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде, сонымен қатар бірыңғай жиынтық төлем төлеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Еңбек делдалдығына жүгінген және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу  үшін жұмыспен қамту орталығында тіркелген азаматтардың мәліметтері «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы күнделікті бақылауда және де қызметтік қажеттіліктерге орай жұмыспен қамту орталығының (1 шілдеден бастап мансап орталығы) мамандарына кеңестер берілуде.

 

 

 

 

2023 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің рұқсатымен, аудан аумағында 109 шетел азаматы еңбек етуде.

 

Әлеуметтік көмек көрсету бойынша 

Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмекке 102 294 000 теңге бөлініп, 2023 жылдың 1 жартыжылдығына 51 265 400 теңге төленді.

          Қосымша төлемге  (кепілдірілген әлеуметтік пакет бойынша) 22 538 000 теңге  бөлініп, 323 балаға 6 975 900 тенге төленді.

          Тұрғын үй көмегіне 6 869 000 теңге бөлініп, 1 жартыжылдығына 21 отбасына 174 500 теңге төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлеуге 195 694 000 теңге қаражат бөлініп, 540 адамға 69 799 400 теңге  төленді. 

 

Мүгедектермен жұмыс бойынша

Аудан бойынша зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметіне сәйкес, барлық мүгедектігі бар адамдар саны - 1637, оның ішінде: I топтағы мүгедектігі бар адамдар - 136,  II топтағы мүгедектігі бар адамдар - 548,  III топтағы мүгедектігі бар адамдар - 615, мүгедектігі бар  балалар - 338 санын құрайды.

Бөлім бойынша мүгедектігі бар адамдардың оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, 416 адамға 92 758 900 теңгеге орнын толтырушы көмекші құралдар берілді.

Арнаулы әлеуметтік «Инватакси» қызметіне 7 062 000 теңге бөлініп, әлеуметтік тапсырыспен келісім шарт негізінде 34 мүгедектігі бар адамдармен, балаларға  қызмет көрсетіліп, 3 339 200  теңге қаржысы игерілді.

Арнаулы күндізгі жартылай стационарға 9 776 000 мың теңге бөлініп, үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығына 11 мүгедектігі бар балаларға қызметтер көрсетіліп, 2 761 900 теңге қаржысы игерілді.

 

Үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығына «мемлекеттік корпорация» арқылы  63, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы 801, мекеме арқылы 15, барлығы 879 мемлекеттік қызметтері көрсетіліп, «мемлекеттік корпорация» мен электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы орындалуы бойынша 99% болып отыр. Бөлім бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

 

Үйге бару арқылы арнайы қызмет көрсету бойынша

Үйге бару арқылы қызмет көрсету бойынша: жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттар 243, мүгедектігі бар азаматтар – 30, мүмкіндігі шектеулі балалар- 49, барлығы: 322 адам есепте тұрады, оларға 53 әлеуметтік қызметкер үйге бару арқылы қызмет көрсетеді.

 

Дата публикации
18 июля 2023