ЖОБА
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «КазТрансНефть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 100282 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2027 жылдың 10 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданы әкімі А.Шериязданов