Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабы 1 – тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасының 50-1 – тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
- Мұғалжар ауданы әкімдігінің «Мұғалжар ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» 2017 жылғы 19 мамырдағы № 175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Мұғалжар ауданының әкімі
|
|
А. Шериязданов
|