Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы

Жұмыспен қамту бойынша 

Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты  жұмыспен  қамту  шараларын  жақсарту, жұмыссыздарды  әлеуметтік  қосымша қорғау  шараларын  орындау  мақсатында 2022 жылдың 3 айында ауданда 1127 жаңа жұмыс орындары ашылып, (жоспар- 1276) 88,3% орындалды, оның ішінде: 663 тұрақты жұмыс орны.

Ауданда ағымдағы жылдың 1 тоқсанына жұмыспен қамту орталығына жолыққан жұмыссыз азаматтар «Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» Бағдарламасының белсенді шараларына тартылды, атап айтқанда:

- 228 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылып (жоспар 2480) 9,2% орындалды;

         - 326 халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып (жоспар-410) 79,5 % орындалып, жұмыс берушілердің азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының өтеу үшін  бюджеттен барлығы  83 400,0  мың теңге (РБ-29 400,0 мың теңге, ЖБ-54 000,0 мың теңге) қаржы бөлініп, оның 18 541,0 мың теңгесі игерілді (РБ-7 260,0 мың теңге, ЖБ-11 281,0 мың теңге);

- 12 жас маман Жастар тәжірибесіне орналастырылып (жоспар-281) 4,3% орындалып, олардың жалақыларына  бюджеттен 152 538,0  мың теңге (РБ-25 270,0 мың теңге, ЖБ-127 268,0 мың теңге) қаржы бөлініп, оның 13 630,0  мың теңгесі (РБ-5 552,0 мың теңге,  ЖБ-8 078,0 мың теңге) игерілді;

- 379 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып  (жоспар-1060) 35,8% орындалып, жергілікті бюджеттен 221 613,0 мың теңге (РБ-13 680,0 мың теңге, ЖБ-207 933,0 мың теңге) қаржы бөлініп, оның 34 298,0  мың теңгесі (РБ-998,0 мың теңге, ЖБ-33 300,0 мың теңге) игерілді;

- 1 жұмыссыз алғашқы жұмыс орнына орналастырылып  (жоспар-11) 9,1% орындалып, облыстық бюджеттен 8 086,0 мың теңге (ОБ-8 086,0 мың теңге) қаржы бөлініп, оның 300,0  мың теңгесі (ОБ-300,0 мың теңге) игерілді.

- 1 жұмыссыз ұрпақтар келісім шарттары бойынша орналастырылып  (жоспар - 11) 9,1% орындалып, облыстық бюджеттен 4 043,0 мың теңге қаржы бөлініп, оның 62,0  мың теңгесі (ОБ-62,0 мың теңге) игерілді.

2022 жылдың 1 сәуір айына есепте тұрған жұмыссыздар саны 1069 адам болып экономикалық белсенді тұрғындар саны 38264 адамға шаққанда  2,8 пайызды құрап отыр.

   

Әлеуметтік көмек көрсету  бойынша:       

Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмекке  2022 жылға РБ-124 996,0 мың теңге, ОБ-3000,0 мың теңге, ЖБ- 32 0051,0 мың теңге, барлығы: 448047,0 мың теңге бөлінді.

3 айға құрамында 1065 адамы бар 206 отбасына 27705,8 мың теңге тағайындалып, 1023 адамы бар 198 отбасына 18479,7 мың теңге төленді. Оның ішінде:

Шартты ақшалай көмек-919 адамы бар 167 отбасына 21217,7 мың теңге тағайындалып, 879 адамы бар 160 отбасына  14313,5 мың теңге төленді.

         Шартсыз ақшалай көмек-146 адамы бар 39 отбасына 6488,1 мың теңге тағайындалып, 144 адамы бар 38 отбасына  4166,2 мың теңге төленді.

               Кепілдірілген әлеуметтік пакет бойынша РБ-12260,0 мың теңге, ОБ- 3020,0 мың теңге, барлығы 15280,0 мың теңге бөлінді.

3 айға 1 жастан 3 жасқа дейінгі 136 балаға және 3 жастан 6 жасқа дейінгі 140 балаға, барлығы: 276 балаға 2346,0 мың теңгеге кепілдірілген әлеуметтік пакет тағайындалды. 2 айға 1жастан 3жасқа дейінгі 132 балаға және 3 жастан 6 жас дейінгі 133 балаға, барлығы: 265 балаға 1961,0 мың теңге кепілдірілген әлеуметтік пакет берілді.

             Тұрғын үй көмегіне ЖБ- 6420,0 мың теңге бөлініп, 3 айға  51 адамы бар 29 отбасына 260,6 мың теңге тағайындалып, 2 айға 46 адамы бар 28 отбасына 167,5 мың  теңге төленді.

             Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлеуге- 165000,0 мың теңге бөлініп, 3 айға 257 адамға 11270,6 мың теңге тағайындалды, 2 айға 234 адамға 7247,4 мың теңге тағайындалып, төленді, Атап  айтқанда:

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігіне 1 адамға 24 мың теңге тағайындалып, 2 айға 16,0 мың теңге  төленді;

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке  107 адамға 1088,5 мың теңге тағайындалып, 2 айға 102 адамға 731,5 мың теңге төленді.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және жалпы  мүгедектерге,  оларды   ертіп   жүруші  азаматтарға облыстық  денсаулық сақтау  басқармасының  жолдамасы  бойынша төленетін жол  шығындарын өтеу үшін 6 адамға 174,0 мың теңге тағайындалып, 2 айға  2 адамға 56,4 мың теңге төленді.

        Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын  азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек 120 адамға 9679,0 мың теңге тағайындалып, 2 айға 112 адамға 6248,4 мың теңге төленді.

         Үйден  оқытылатын  мүгедек  балаларға арыздары   бойынша   әлеуметтік  көмек 23 балаға 305,0 мың  теңге тағайындалып, 2 айға 195,0 мың теңге  төленді;

 

Мүгедектермен, ардагерлермен  жұмыс  бойынша:

Мұғалжар аудандық зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметі бойынша  ауданда барлығы мүгедектер саны - 1576, оның ішінде I топтағы мүгедектер - 132,  II топтағы мүгедектер - 531,  III топтағы мүгедектер - 588, мүгедек балалар - 325 санын құрайды.

Протездік-ортопедиялық көмек бойынша: Шымкент қаласындағы протездік-ортопедиялық орталығына 1 мүгедекке жолдама беріліп, 31,0 мың теңгеге 1 протездік құралдар алынды.

Техникалық көмекші құралдармен (таяқтар, балдақтар, жетек арбалармен) 30 мүгедекке 384,1 мың теңгеге 39 құралдар берілді;

Сурдотехникалық құралдар бойынша 4 мүгедекке (көп функционалды дабылды жүйелер, ұялы телефон, сағат, нотбуктар)  1150,7 мың теңгеге 8 құралдар берілді;

         Тифлотехникалық құралдар бойынша 3мүгедекке (тифломагнитола, диктофон,  таяқ)  2 388,7 теңгеге 5 дана құралдар берілді;

Міндетті гигиеналық құралдар бойынша 23 мүгедекке 21 512 дана 4 703,9 теңгенің (жөргектермен, жаялықтармен, санитарлық құрылғысы бар  кресло-орындықтармен) қамтамасыз етілді;

Арнаулы жүріп тұру құралдары (кресло-арбалармен) 5 мүгедекке 645,3 теңгеге 5 кресло- арбалар берілді;

Санаторий-курорттық емдеу бойынша 3 мүгедек 362,5 теңгеге 3 жолдамамен қамтамасыз етілді;

Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 77 мүгедекке 77 жеке көмекші тағайындалып, оған 12 682,3 мың теңге еңбекақылары тағайындалып, қызметтерін көрсетті;

Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері бойынша 27 мүгедекке 3 ымдау тілі маманы тағайындалып,  839,4 теңгеге еңбекақылары төленді.

Мүгедектерге «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 6 600,0 мың теңге бөлініп, әлеуметтік тапсырыс аясында келісім шарт жасалып, 660,0 мың теңге игерілді. Қазіргі таңда барлығы 32 мүгедектерге қызмет көрсетілуде.

Барлығы: 205 мүгедекке 23847,9 теңгеге 21654 дана көмектері  көрсетілді.

 

Үйге бару арқылы арнайы қызмет көрсету  бойынша

Үйге бару арқылы қызмет көрсету бойынша: жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттар 234, мүгедектігі бар азаматтар – 30, мүмкіндігі шектеулі балалар- 49, барлығы 313 адам есепте тұрады, оларға 50 әлеуметтік қызметкерлер үйге бару арқылы қызмет көрсетеді.

 

 

 

Дата публикации
20 апреля 2022