Жұмыспен қамту бойынша:
Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты жұмыспен қамту шараларын жақсарту, жұмыссыздарды әлеуметтік қосымша қорғау шараларын орындау мақсатында 2021 жылдың 12 айында ауданда 4271 жаңа жұмыс орындары ашылып, (жоспар - 1276) 320,0 % орындалды, оның ішінде 4002 тұрақты жұмыс орны, 269 уақытша жұмыс орны.
Ауданда ағымдағы жылдың 12 айында жұмыспен қамту орталығына жолыққан жұмыссыз азаматтар «Еңбек» Бағдарламасының белсенді шараларына тартылды, атап айтқанда:
- 2561 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылып (жоспар 2460) 104,1 % орындалды;
- 416 халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып(жоспар-372) 112,0% орындалып, жұмыс берушілердің азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу үшін бюджеттен барлығы 74 476,0 мың теңге (РБ-29 400,0 мың теңге, ЖБ-45 076,0 мың теңге) қаржы бөлініп, толығымен игерілді;
- 281 жас маман мамандықтарына сай Жастар тәжірибесіне орналастырылып (жоспар-281) 100,0% орындалып, олардың жалақыларына бюджеттен барлығы 97 082,0 мың теңге (РБ-33 878,0 мың теңге, ЖБ-63 204,0 мың теңге) қаржы бөлініп, толығымен игерілді;
- 1142 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып (жоспар - 1120) 102,0 % орындалып оған жергілікті бюджеттен 313 248,0 мың теңге (РБ-151 201,0 мың теңге, ЖБ-162 047,0 мың теңге) қаржы бөлініп, толығымен игерілді;
- 204 аудан жастары жұмыссыз «Гүлдене бер туған Ел» акциясымен көгалдандыру жұмыстарына тартылып (жоспар - 200) 102,0 % орындалып оған жергілікті бюджеттен 13 038,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді;
- 47 мүгедек азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 адам уақытша жұмыстарға, 7 жас маман Жастар практикасына, 7 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 54 тұрақты жұмыс орындарына, 18 адам белгіленген жұмыс орындарының квотасы бойынша орналастырылды, сонымен қатар 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жұмыс орны ашылып жұмысқа орналастырылды және осы санаттағы 6 азамат қысқа мерзімді оқуға жолданса, 10 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізіне оқытылса,осы санаттағы 9 адамға өз кәсібін ашу үшін қайтарымсыз грант бөлінді.
2021 жылдың 31 желтоқсан айына есепте тұрған жұмыссыздар саны 517 адам болып экономикалық белсенді тұрғындар саны 37 681 адамға шаққанда 1,4 пайызды құрады.
Әлеуметтік көмек көрсету бойынша:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке РБ-91280,0 мың, ОБ- 28471,0 мың теңге, ЖБ-11623,0 мың теңге, барлығы: 131 374,0 мың теңге бөлініп, 12 айға құрамында 1867 адамы бар 373 отбасына 131374,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Кепілдірілген әлеуметтік пакет бойынша РБ-21630,0 мың теңге, ОБ- 2271,0 мың теңге, барлығы 23 901,0 мың теңге бөлініп, 12 айға 1 жастан 3 жасқа дейінгі 217 балаға және 3 жастан 6 жасқа дейінгі 269 балаға барлығы 486 балаға 23 901,0 мың теңгеге кепілдірілген әлеуметтік пакет тағайындалып, берілді.
Тұрғын үй көмегіне ЖБ- 1903,0 мың теңге бөлініп, 12 айға 150 адамы бар 70 отбасына 1903,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша 1123 адамға 16378,9 мың теңге тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлеуге- 141246,0 мың теңге бөлініп, 12 айында 2374 адамға 141246,0 мың тағайындалып, төленді. Атап айтқанда:
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігіне 1 адамға 96,0 мың теңге тағайындалып, төленді;
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке 114 адамға 2604,0 мың теңге тағайындалып, төленді;
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және жалпы мүгедектерге, оларды ертіп жүруші азаматтарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша төленетін жол шығындарын өтеу үшін 26 адамға 781,9 мың теңге тағайындалып, төленді;
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек 33 адамға 3555,0 мың теңге тағайындалып, төленді;
Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек 217 адамға 29954,1 мың теңге тағайындалып, төленді;
Үйден оқытылатын мүгедек балаларға арыздары бойынша әлеуметтік көмек 31 балаға 895,0 мың теңге тағайындалып, төленді;
9 май жеңіс күні мерекесіне 269 адамға 19210,0 мың теңге, оның ішінде: ҰОС қатысушыларымен мен мүгедектеріне 2000,0 мың теңгеден 1 адамға 2000,0 мың теңге, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 50,0 мың теңгеден 10 адамға 500,0 мың теңге, ҰОС ардагерлеріне және мүгедектеріне теңестірілгендерге 100,0 мың теңгеден 81 адамға 8100,0 мың теңге, бейбіт уақытында әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 50,0 мың теңгеден 10 адамға 500,0 мың теңге, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 30,0 мың теңгеден 6 адамға 300,0 мың теңге;
Ауған жауынгерлерінің жесірлеріне 30,0 мың теңгеден 12 адамға 360,0 мың теңге, марапатталған тыл ардагерлеріне және 1941-1945 жылдар аралығында тылда жұмыс жасаған азаматтарға 50,0 мың теңгеден 149 адамға 7450,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
ҚР Конституция күніне орай 1683 мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті бюджеттен 84 150,0 мың теңге қаражат көлемінде, бір жолғы төлемақы төленді.
Мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс бойынша:
Мұғалжар аудандық зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметі бойынша ауданда барлығы мүгедектер саны - 1584, оның ішінде I топтағы мүгедектер - 135, II топтағы мүгедектер - 557, III топтағы мүгедектер - 609, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 283 санын құрайды.
Протездік-ортопедиялық көмекпен, оның ішінде: Шымкент қаласындағы протездік-ортопедиялық орталығына 42 мүгедекке жолдама беріліп, 5 049,3 мың теңгеге 70 құралдар алынды.
Техникалық көмекші құралдармен (таяқтар, балдақтар, жетек арбалармен) 55 мүгедекке 345,2 мың теңгеге 63 құралдар берілді;
Сурдотехникалық құралдар бойынша барлығы 20 мүгедекке (көп функционалды дабылды жүйелер, ұялы телефон, сағат, нотбуктар) 3 081,2 мың теңгеге 33 құралдар берілді;
Тифлотехникалық құралдар бойынша 25 мүгедекке (тифломагнитола, диктофон, таяқ) 18 974,9 теңгеге 66 дана құралдар берілді;
Міндетті гигиеналық құралдар бойынша 174 мүгедекке 143 979 дана 30 641,2 теңгенің (жөргектермен, жаялықтармен, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындықтармен) қамтамасыз етілді;
Арнаулы жүріп тұру құралдары (кресло-арбалармен) 31 мүгедекке 5 057,6 теңгеге 45 кресло- арбалар берілді;
Санаторий-курорттық емдеу бойынша 106 мүгедек 12 351,3 теңгеге 106 жолдамамен қамтамасыз етілді;
Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 82 мүгедекке 82 жеке көмекші тағайындалып, оған 73 783,4 мың теңге еңбекақылары тағайындалып, қызметтері көрсетілді;
Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері бойынша 19 мүгедекке 3 ымдау тілі маманы тағайындалып, 3 107,8 теңгеге еңбекақылары төленді.
2021 жылдың мамыр айынан бастап 6 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі жартылай стационарға республкалық бюджеттен 3 475,4 мың теңге бөлініп, игерілді.
Мүгедектерге «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 5 308,9 мың теңге бөлініп, әлеуметтік тапсырыс аясында келісім шарт жасалып, игерілді, 42 мүгедектігі бар азаматтарға тегін қызметі көрсетілді.
Барлығы: 628 мүгедекке 161176,2 теңгеге 144449 дана көмектері көрсетілді.
Үйге бару арқылы арнайы қызмет көрсету бөлімшесі бойынша:
Үйге бару арқылы қызмет көрсету бойынша: жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттар 226, мүгедектігі бар азаматтар – 32, мүмкіндігі шектеулі балалар- 53, барлығы 311 адам есепте тұрады, оларға 50 әлеуметтік қызметкерлер үйге бару арқылы қызмет көрсетті.