2022 жыл 1 тоқсан есебі

Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  Қазақстан Республикасының 2013 жылы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» №88-V Заңына сәйкес жүргізіліп келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №983қаулысымен бекітілген тізіліміне (жаңа тізілім 2022 жылғы                              11 ақпандағы №42 НҚ) сәйкес, Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 63 түрі көрсетіледі.

Оның ішінде 58 түрі электронды түрде, 30 баламалы, тек қана  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы                         1 түрі, тек қана қағаз түрінде 2 қызмет түрі көрсетіледі.

2022 жылдың 3 айында 5225 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Соның ішінде қағаз түрінде мемлекеттік орган арқылы 48 қызмет, Цон арқылы 601 қызмет, ал, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы –4576-і электрондық түрде көрсетіліп 88%-ды құрайды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны-29  (қаңтар- хаттама-4,   ақпа-  Аудан әкімі аппаратымен  қалалар мен ауылдық округтерде және мемлекеттік мекемелерде өткізілген жиналыс хаттамалары және  тікелей эфир) .

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту- 324 түсіндірме іс-шараларымен қамтылған адамдар саны.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны-14.

Сонымен қатар, электронды мемлекеттік қызметтерді халыққа қолжетімді ету мақсатында әрбір қалалар мен ауылдық округтердің әкімі аппараттарында,  аудан әкімдігі ғимаратында, жұмыспен қамту және аудан  мектептерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасайды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бармай-ақ «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышынан анықтамаларды алу мүмкіндігіне ие болып отыр.   

Мұғалжар ауданындағы жергілікті атқарушы органдарында көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және жетілдіру жұмыстарының 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы туралы
Дата публикации
12 апреля 2022