Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2022 жылғы «13» наурызда болған аудан бойынша Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі әкімдері сайлауының қорытындысы.
- Ембі қаласының әкімі болып, 1983 жылы дүниеге келген, Мусағали Райымбек Зейнедуллаұлы, Ембі қалалық №2 ЖББОМ директоры, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының тұрғыны тіркелді. Өзін-өзі ұсынды.
- Мұғалжар ауылының әкімі болып, 1968 жылы дүниеге келген, Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының әкімі, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының тұрғыны тіркелді. Өзін-өзі ұсынды.
- Талдысай ауылдық округінің әкімі болып, 1973 жылы дүниеге келген, Муханов Айбек Алиханұлы, Мұғалжар ауданы, Талдысай орта мектебінің директоры, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округі, Талдысай ауылының тұрғыны тіркелді. «AMANAT» партиясы ұсынды.
2022 жылғы 14 наурыз
Дата публикации
14 марта 2022