2022 жылғы 13 наурызда Мұғалжар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау үш сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Мұғалжар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Ембі сайлау округі
Ембі қаласы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8363 азамат енгізілді, олардың 2779-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 192, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 27.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мусағали Р.З. – 2079; Нуртаев Б. И. – 442; Төребеков Р. Ә. – 39.
Мусағали Райымбек Зейнедоллаұлы, 1983 жылы дүниеге келген,Ембі қаласының №2 орта мектебінің директоры,Ембі қаласының тұрғыны,өзін-өзі ұсынды. Ембі қаласының әкімі болып сайланды
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 14 наурыздағы №1 шешімімен 2022 жылғы 13 наурызда сайланған Мұғалжар ауданы Ембі қаласы әкімін тіркеді.
Мұғалжар сайлау округі
Мұғалжар ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 968 азамат енгізілді, олардың 583-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 19, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байғазы М.Ә. – 240; Қорғанбай Ә. Ө. – 323; Турежанов Б. Л. –1.
Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы, 1968 жылы дүниеге келген,Ембі қаласының әкімі,Ембі қаласының тұрғыны,өзін-өзі ұсынды. Мұғалжар ауылының әкімі болып сайланды.
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 14 наурыздағы №2 шешімімен 2022 жылғы 13 наурызда сайланған Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы әкімін тіркеді.
Талдысай сайлау округі
Талдысай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 496 азамат енгізілді, олардың 496-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дилмагамбетов Ж.С. – 0; Мусин К.Ж. – 5; Муханов А.А. –481.
Муханов Айбек Алиханұлы, 1973 жылы дүниеге келген,Талдысай орта мектебінің директоры,Талдысай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясы ұсынды. Талдысай ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 14 наурыздағы №3 шешімімен 2022 жылғы 13 наурызда сайланған Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімін тіркеді.
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы