Мұғалжар ауданы Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді:

  

         

        Ембі қаласы әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді:

Мусағали Райымбек Зейнедуллаұлы 1983 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: №2 Ембі қалалық ЖББОМ директоры, Тұрғылықты мекен-жайы: Ембі қаласы. Өзін-өзі ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 26 ақпан.

Нуртаев Берик Ирзагазиевич 1964 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: «Ембіжылу» КМК директоры, Тұрғылықты мекен-жайы: Ембі қаласы. Өзін-өзі ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 26 ақпан.

Төребеков Руслан Әділұлы 1977 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: «Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ, персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, Тұрғылықты мекен-жайы: Қандыағаш қаласы. Өзін-өзі ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 26 ақпан.

Шамгалиев Биржан Сагидоллиевич 1980 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс секторының меңгерушісі, Тұрғылықты мекен-жайы: Қандыағаш қаласы. Қазақстан халық партиясы ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 28 ақпан.

 

Мұғалжар ауылы әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді:

Байғазы Мейірбек Әділбекұлы 1993 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: Жаңатұрмыс негізгі мектебінің директоры, Тұрғылықты мекен-жайы: Қ.Жұбанов ат. ауылдық округі, Жаңатұрмыс ауылы. Өзін-өзі ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 26 ақпан.

Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы 1968 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: «Ембі қаласы әкімі аппараты» ММ әкім, Тұрғылықты мекен-жайы: Ембі қаласы. Өзін-өзі ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 26 ақпан.

Сейілхан Әнес Мақсатұлы 1993 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: «Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, Тұрғылықты мекен-жайы: Қандыағаш қаласы. «Ақжол» демократиялық партиясы ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 01 наурыз.

Турежанов Багдат Лескенович 1987 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық және қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы, Тұрғылықты мекен-жайы: Қандыағаш қаласы. Қазақстан Халық партиясы ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 28 ақпан.

 

Талдысай ауылдық округі әкіміне төмендегідей үміткерлерді тіркеді:

Муханов Айбек Алиханович 1973 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: Талдысай ЖББОМ директоры, Тұрғылықты мекен-жайы: Талдысай ауылы. «NurOtan» партиясы ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 26 ақпан.

Мусин Канат Жумабекович 1988 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: «Қандыағаш қаласы әкімі аппараты» ММ қала әкімінің орынбасары, Тұрғылықты мекен-жайы: Қандыағаш қаласы. Өзін-өзі ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 28 ақпан.

Дилмагамбетов Жансерик Сагынгалиевич 1993 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Атқаратын лауазымы: «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» ММ аудан әкімінің көмекшісі, Тұрғылықты мекен-жайы: Қандыағаш қаласы. «Ақжол» демократиялық партиясы ұсынды.

Тіркелген күні: 2022  жылғы 28 ақпан.

Дата публикации
01 марта 2022