Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясының Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы Ақпарат

2022 жылғы 25 ақпанда сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.

Ембі қаласы әкіміне 5 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (20%) - саяси партиялармен, 4 (80%) - өзін-өзі ұсыну арқылы.

Ембі қаласының сайлау округі бойынша Қазақстан Халық Партиясы 1 кандидат ұсынды;

 

Мұғалжар ауылы әкіміне 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (50%) - саяси партиялармен, 2 (50%)- өзін-өзі ұсыну арқылы.

Мұғалжар ауылының сайлау округі бойынша Қазақстан Халық Партиясы 1 кандидат және «Ақжол» демократиялық партиясы 1 кандидат ұсынды.

Талдысай сайлау округі бойынша 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (50%) - саяси партиялармен, 2 (50%)- өзін-өзі ұсыну арқылы.

Талдысай сайлау округі бойынша «NurOtan» партиясы 1 кандидат және «Ақжол» демократиялық партиясы 1 кандидат ұсынды.

 

Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттар бойынша заңнама талаптарына сәйкес ұсыну жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша округтерде кемінде 2 кандидат ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша, сайлау заңнамасына сәйкес 13 кандидат ұсынылды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2022