Мұғалжар ауданының
Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
ҚАУЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 13 наурызға тағайындалсын.
- Мұғалжар ауданы Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2022 жылғы 12 ақпаннан басталып, 2022 жылғы 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 02 наурызда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мұғалжар» газетінде жариялансын.
Мұғалжар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы Ғ. Асқаров
Мұғалжар аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Ә. Қалимағамбетова
№2
2022 жылғы 11 ақпан
Қандыағаш қаласы