2022-2024 жылдарға арналған Қандыағаш қаласының бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Қандыағаш қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  203 479 мың теңге:

        салықтық түсімдер – 134 829 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 400 мың теңге;

        трансферттер түсімі – 59 250 мың теңге;

2) шығындар – 203 479  мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

        2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

2) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   3 063 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Қандыағаш қаласының бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 3 247 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Қандыағаш қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 1 278 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін.
  3. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
20 декабря 2021