2022-2024 жылдарға арналған Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округ бюджеттік жоспардың АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

2022-2024 жылдарға арналған Қ. Жұбанов атындағы

ауылдық округ бюджеттік жоспардың

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер –  40 412 мың теңге:

        салықтық түсімдер – 1 185 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

        трансферттер түсімдері – 39 227 мың теңге;

2) шығындар – 40 412 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың

теңге;

  1. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 12 115 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
22 декабря 2021