2022-2024 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округі бюджеттік жоспарының АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

2022-2024  жылдарға арналған

Қайыңды ауылдық округі бюджеттік жоспарының

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

 Қазақстан Республикасының  Бюджет кодекссінің 9-1 бабының  2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  34 161 мың теңге:

        салықтық түсімдер – 4 159 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 737 мың теңге;

        трансферттер түсімі – 28 265 мың теңге;

2) шығындар – 34 161  мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

        1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге болып белгіленгені ескерілсін.

  1. 2022 жылға арналған Қайыңды ауылдық округі бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 9 104 мың теңге сомасында ескерілсін.
Дата публикации
22 декабря 2021