2022-2024 ж.ж. Құмсай ауылдық округ бюджеттік жоспардың АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

2022-2024 ж.ж. Құмсай ауылдық округ бюджеттік жоспардың

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 34 668 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 528 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 мың теңге;

трансферттер түсімі – 33 140 мың теңге;

2) шығындар – 34 668 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:

        2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге болып белгіленгені ескерілсін.

  1. 2022 жылға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 12 472 мың теңге сомасында ескерілсін.
Дата публикации
22 декабря 2021