АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 79-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына сәйкес және Мұғалжар аудандық маслихаттың 2021 жылғы 06 желтоқсандағы №114 «Мұғалжар аудандық маслихаттың 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №550 «2021-2023 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыру мақсатында:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 59 453 мың теңге:
салықтық түсімдер – 910 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 58 543 мың теңге;
2) шығындар – 60 210,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -757,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
757,4 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздар өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 757,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.