Мұғалжар аудандық мәслихатының «Мұғалжар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2018 жылғы 2 наурыздағы № 170 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мұғалжар аудандық мәслихатының «Мұғалжар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2018 жылғы 2 наурыздағы №170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-187 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мұғалжар аудандық

мәслихатының хатшысы                              Р.Мусенова

Дата публикации
30 ноября 2021