Хабарлама
2021 жылғы 21 қарашада Жем қаласының сайлау округі бойынша Мұғалжар ауданының Жем қаласы әкімінің сайлауы өтті.
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Мұғалжар ауданының Начало формыКонец формы
аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін Жем сайлау округі бойынша Жем қаласы әкімінің сайлау қорытындысын анықтады:
Сайлаушылар тізіміне 677 сайлаушы енгізілді, олардың 521 - і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 18, "барлығына қарсы" -5. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдиев Д.Т. – 28;
Бисенов Ж. У. – 412;
Тукенов Н – 54,
Турежанов Б. Л - 4.
Жем қаласының әкімі болып, Бисенов Жұматай Убайдуллаұлы сайланды, 1970 жылы туылған, Мұғалжар ауданының Жем қаласында тұрады. "NurOtan" партиясымен ұсынылған.
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 22 қарашадағы шешімімен 2021 жылғы 21 қарашада сайланған Мұғалжар ауданы Жем қаласының әкімін тіркеді.
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы