Мұғалжар ауданы Жем қаласы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабар -10.11.2021 жыл

Мұғалжар ауданы Жем қаласы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабар -10.11.2021 жыл

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы Жем қаласы әкімдігіне кандидаттарды тіркеді:

  

         

  1.       Бисенов Жұматай Ұбайдоллаұлы, 1970 жылы дүниеге келген, Мұғалжар ауданы Жем қаласының әкімі. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жем қаласының тұрғыны. «Nur Otan» саяси партиясы ұсынды. 2021 жылғы                     04 қарашада кандидат ретінде тіркелді.
  2. Турежанов Бағдат Лескенұлы, 1987 жылы дүниеге келген, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратында бөлімше басшысы. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының тұрғыны. Қазақстан Халық партиясы ұсынды. 2021 жылғы 04 қарашада кандидат ретінде тіркелді.
  3. Әбдиев Жали Тлепбайұлы, 1972 жылы дүниеге келген, Мұғалжар аудандық архивінің меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының тұрғыны. «Ақжол» демократиялық партиясы ұсынды. 2021 жылғы 05 қарашада кандидат ретінде тіркелді.
  4.      Төкенов Нұрлан, 1973 жылы дүниеге келген, Ақтөбе «Орхус» ҚБ президенті, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынды.                2021 жылғы 10 қарашада кандидат ретінде тіркелді.

 

Дата публикации
10 ноября 2021