Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясының Жем қаласы әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясының

Жем қаласы әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

Ақпарат

2021 жылғы 5 қараша сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы Жем қаласына 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 (75%) - саяси партиялармен, 1 (25%)- өзін-өзі ұсыну арқылы.

Саяси партиялар Жем қаласы сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды: "NurOtan" партиясы 1 кандидат, "Ақ Жол" 1 кандидат, ҚХП 1 кандидат.

Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттар бойынша заңнама талаптарына сәйкес ұсыну жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылғы 5 қараша жағдай бойынша округте кемінде екі адам ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша 4 (100%) кандидат ұсынылды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Дата публикации
05 ноября 2021