Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясының
Жем қаласы әкімдігіне тіркелген үміткер туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес:
- «Қазақстан Халық партиясынан» ұсынылған кандидат Төрежанов Бағдат Лескенұлын тіркеді. Төрежанов Бағдат Лескенұлы 1987 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ, білім жоғары. Атқаратын лауазымы «Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бөлімше басшысы. Тұрғылықты мекен-жайы: Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы.
Тіркелген күні: 2021 жыл 04 қараша.
- «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат Бисенов Жұматай Ұбайдоллаұлын тіркеді. Бисенов Жұматай Ұбайдоллаұлы 1970 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ, білім жоғары. Атқаратын лауазымы «Мұғалжар ауданы Жем қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде әкім. Тұрғылықты мекен-жайы: Мұғалжар ауданы, Жем қаласы.
Тіркелген күні: 2021 жыл 04 қараша.